423.81 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте 299 қоғамдық тамақтану орнына айыппұл салынды

  • 78
  • UPD: 13:29, 18.11.2020
Шымкентте 299 қоғамдық тамақтану орнына айыппұл салынды

Шымкентте карантин кезінде ас беру мен той-томалақ азаймай отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, төтенше жағдай алынғаннан бері 299 қоғамдық тамақтану орнына санитарлық талаптарды орындамағаны үшін 222 млн 517 мың теңгеге айыппұл салынған. Рейд барысында тамақтану орындары жұмыс істеу режимін бұзып, мерекелік жиындар өткізгені анықталды. Сондай-ақ даяшылар мен мамандар бетпердесіз, бір реттік қолғаптарды кимей жұмыс істеген. Ал кейбір мейрамханаларда дезинфекциялық санитайзерлер болмаған. Бұдан бөлек, жеке үй жайларда да тұрғындардың мерекелік жиындар өткізгендігі анықталды. Жалпы 40-қа жуық әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, 1 жарым млн теңгеден аса айыппұл салынған.

Шәрбәт Айботаева, Абай аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бөлім басшысы:

– Той томалақтар, еске алу, туған күн жалғасуда. Шымкент қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 9 қарашадағы 2020 жылы 42-қаулысында анық көрсетілген.

Хабар 24 телеарнасы