423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

COVID-19: Қарағанды облысында екі айлық дәрі-дәрмек қоры жасақталады

  • 77
  • UPD: 09:15, 21.11.2020
COVID-19: Қарағанды облысында екі айлық дәрі-дәрмек қоры жасақталады

Қарағанды облысының қоймаларында коронавирусқа қарсы пайдаланатын 45 түрлі дәрі-дәрмектің 30-ы бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

с. Себебі жақын арада келер жылғы дәрі қорының аса ірі мөлшері келеді. Осылайша коронавирустық инфекцияға қарсы дәрі қорын кемі 2 айға тұрақтандыру жоспарланып отыр. Қоймадағы дәрі-дәрмек көлемі медициналық мекемелердің тапсырысына қарамастан үнемі толығып отыратын көрінеді. Бірақ өңірде препарат тапшылығы басталса, әуелі жергілікті билік жасақтаған тұрақтандыру қоры жұмсалады. Егер ол да жетпей жатса, осы қордан алынбақ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары тексеріп, індетке қарсы аса қажетті препараттардың қоймада бар-жоғына көз жеткізді.

Олжас Бұрханов, «Сарыарқа адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жетекшісінің орынбасары:

– Қоғамдық мониторинг мақсаты – жазда болған қорқынышты жағдайлардың қайталануына жол бермеу. КВИ-ға қарсы дәрінің 30-ы ғана болып тұр. Бірақ негізгі 2 айлық қор Нұр-Сұлтан қаласында, қажет болса күнбе-күн жеткіземіз дейді.

Хабар 24 телеарнасы