420,22 505.95 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысында алимент төлемеген азаматтар пәтерлерінен айырылды

  • 152
  • UPD: 17:26, 23.11.2020
Павлодар облысында алимент төлемеген азаматтар пәтерлерінен айырылды

Павлодар облысында алимент төлемеген борышкерлер пәтерлерінен айырылды.

Павлодар облысының Әділет департаменті өңірлік жеке сот орындаушылар палатасымен бірлесіп алимент бойынша берешектерді өндіріп алу жұмысын жалғастырып келеді.

Атап айтқанда, жеке сот орындаушы Т.Ғаббасовтың атқаруындағы өндірістер қатарында борышкерлерге тиесілі пәтерлерді өз бетінше сатуға мүмкіндік беріп, түскен 7 млн теңге қаржыны балалары алдындағы берешекті өтеуге жағдай жасады. Борышкерлердің бірі 2013 жылдан бері кәмелетке толмаған балаларына 5,6 млн теңге қарыз болса, екінші борышкер 3 жылдың ішінде жалғыз баласына 1 млн астам алимент берешек болған.

Ақпарат көзі: ҚР ӘМ баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы