425,02 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

«Жібек жолы» шекара бекетінде есірткі контрабандасы бойынша күдікті ұсталды

  • 348
  • UPD: 14:46, 24.11.2020
«Жібек жолы» шекара бекетінде есірткі контрабандасы бойынша күдікті ұсталды

Түркістан облысының полицейлері есірткіге байланысты қылмыстың жолын кесті, деп хабарлады Polisia.kz.

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне «Жібек жолы» шекара бекетінде есірткі контрабандасы бойынша күдікті ұсталғаны туралы хабарлама түскен.

Анықталғандай, өткізу бекетінен өту кезінде шетелдік азаматтардың бірін «Имерек» атты қызметтік ит белгі беріп тоқтатқан. Өз кезегінде шекарашылар туған жеріне бет алған Өзбекстан азаматын ұстап, жедел-тергеу тобын шақырады. Жедел уәкілдер күдіктіні тінту кезінде құрамында өсімдік тектес есірткі заты бар полиэтилен түйіншегін тауып, тәркіледі. Сараптамаға сәйкес тәркіленген есірткі жалпы салмағы үш грамнан асатын «кептірілген марихуана» болып шықты.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 286-бабы (Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы) бойынша СДТБТ-де тіркелді. Ер адам қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы