420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-дағы мектептерде дәстүрлі сабақ тоқтады

  • 101
  • UPD: 07:41, 25.11.2020
ШҚО-дағы мектептерде дәстүрлі сабақ тоқтады

Шығыс Қазақстан облысы, Шемонаиха ауданындағы 5 мектеп карантинге жабылып, дәстүрлі оқыту жүйесінен онлайн тәртіпке көшті.

Өйткені бұл білім ордаларында оқушылар мен ұстаздардан қауіпті індет анықталған. Бүгінде коронавирус жұқтырған 2 оқушы жазылып шықса, 3 бала мен қос мұғалім емделіп жатыр. Жалпы аудандағы 14 мектептің 1300-ге жуық шәкірті күнделікті сабаққа барып жүрсе, 9 мектептегі 3500 бала онлайн түрде білім алуда. Аудан орталығындағы 500 оқушы жаттығатын спорт мектебі де әзірге келушілерге жабық. Дегенмен олар жақын арада жеңілдіктер қарастырылып, жұмыстары жалғасатынына сенімді.

Александр Кириченко, жасөспірімдер мен балаларға арналған спорт мектебінің директоры:

– Онлайн тәртіпте жалпылама ақыл-кеңестер айтумен ғана шектелесің. Ал күрес сияқты спорт түрлерінде нақты техникалық әдістерді үйретуде бұл қиындық тудырады. Сондықтан біз эпидемиологиялық ахуал түзелсе, барлық қауіпсіздік шарасын сақтай отырып жаттығуларымызды жалғастырсақ екен дейміз.

Хабар 24 телеарнасы