419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстау облысындағы Құрық теңіз порты жаңа паром желісін іске қосты

  • 177
  • UPD: 19:59, 25.11.2020
Маңғыстау облысындағы Құрық теңіз порты жаңа паром желісін іске қосты

Енді құрық пен Иранның Амирабад порттары арасында жүк тасымалы жанданады.

Кеше Ираннан алты жүк көлігі тиелген алғашқы кеме келді. Ол көліктерде жеміс жидек пен өзге де тауарлар бар. Бұл жүкті басқа көлікке тиеп әуреге түспей, тұтынушыға тікелей жеткізуге мүмкіндік береді. Бір паром жүгімен қоса 32 жүк көлігін әкеле алады. Бұған дейін Құрық портынан тек Әзербайжанға ғана паромдық кешен жүк тасымалдайтын. Алдағы уақытта Иранмен қатар Ресейге де жаңа желі ашу жоспары бар. 

Дастан Ғұбашев, Құрық теңіз портының бөлім бастығы:

- Біздің порт арқылы бұрынғы «Жібек жолы» жолымен Қытай мемлекетінен Әзербайжан мен Грузия арқылы Еуропаға жүктер жіберіледі. Бұл тұтынушыларға жақсы жеңілдіктер, уақыт жағынан өте тиімді. А нүктесінен Б нүктесіне жүктерді тез тасымалдауға ықпалы тиеді.

Серік Ахметов, Құрық теңіз портының бас директоры:

– Биыл бізге карантиннің салқыны тиген жоқ деуге болады. Теңіз арқылы алыс-беріс тоқтаған жоқ. Керісінше, байланыс жандана түсті. Құрық теңіз порты арқылы 10 айда 1 млн 400 мың тонна жүк тасымалданды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 290 мың тоннаға артық.

Хабар 24 телеарнасы