Шымкентте коронавирусқа қарсы тұрған 117 медицина қызметкеріне үстемеақы дұрыс төленбеген.
Бұл туралы қалалық прокуратура өкілдері мәлімдеді. Нақтырақ айтқанда, №1 қалалық клиникалық ауруханасы 62 қызметкеріне қосымша ақы дұрыс берілмеген. Ал №2 қалалық ауруханасында 55 маман өздеріне тиесілі ақшаны тұтас алмаған. Сөйтіп заң өкілдерінің қадағалауының арқасында 46,7 млн теңге көлеміндегі қарыз өтелді.
Батыр Ергешов, қалалық прокуратура басқармасы басшысының орынбасары:
- Біз бұл құқықбұзушылықты өзіміз талдау жүргізу нәтижесінде анықтадық. Себебі прокуратура органдары назарында осы COVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы атқарылып жатқан жұмыстар барысындағы барлық қабылданып жатқан мемлекеттік органдардың шешімдері мен іс-әрекеттерінің заңдылығы жүйелі түрде зерделенуде.