423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қазақстан шекарасынан өту үшін дәрігерлер жалған анықтамалар сатқан

  • 296
  • UPD: 11:13, 26.11.2020
Қазақстан шекарасынан өту үшін дәрігерлер жалған анықтамалар сатқан

ҚР ҰҚК ШҚО бойынша департаменті «Ж» жеке медициналық орталығы ұйымдастырған ҚР шекарасын заңсыз өтуге қолданылатын жалған дәрігерлік консультациялық комиссия (ДКК) қорытындыларын сату бойынша қызметті тоқтатты.

2020 жылдың 18 қыркүйегінде жедел-іздестіру шараларын асыру барысында жалған ДКК қорытындысын бақылау сатып алу нәтижесінде аталған медициналық орталық қызметкерлерінің заңсыз әрекеті расталды, деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

Жедел-тергеу шараларының нәтижесінде алдында берілген 200 жуық ДКК қорытындылары, дәрігерлердің қолы мен таңбалары қойылған толтырылмаған бланкілер, таңбалар және компьютерлік техника табылып, тәркіленіп алынды.

Куәгерлерден жауап алу нәтижесінде ДКК қорытындыларының түпнұсқалары алынып, сәйкес экспертизаға жолданды.

Белгілі болғандай медициналық орталықтың директор орынбасары мен бас дәрігері 5 мың теңге ақшалай сыйақы үшін жалған ДКК қорытындыларын сатып отырған. Сонымен қатар шетел медициналық мекемесінен шақыру қажет болған жағдайда қызмет бағасы 10 теңгеге бағаланды.

Аталған факт бойынша ҚР ҰҚК ШҚО бойынша департаменті ҚР ҚҚ 385-бабы 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады. Жүргізілген тергеу шаралары және жинақталған дәлелдемелер нәтижесінде күдіктілер өз кінәсін толығымен мойындады.

2020 жылдың 19 қарашасында күдіктілер ҚР ҚҚ 385-бабы 2-тармағы бойынша кінәлі болып табылып, әрқайсысына 1000 МЕК көлемінде айыппұл тағайындалды.

Тағы айта кететін жайт, соңғы уақытта түрлі әрекеттерді қолданып ҚР-РФ шекарасын заңсыз өту талпыныстары байқалуда.

Қыркүйектен бастап 3 ШҚО тұрғыны жалған ДКК қорытындыларын пайдалану арқылы шекарадан заңсыз өту әрекеті тоқтатылды.

Хабар 24 телеарнасы