419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте жүз адамға қыз ұзату тойын жасағандар ұсталды

  • 133
  • UPD: 17:10, 26.11.2020
Шымкентте жүз адамға қыз ұзату тойын жасағандар ұсталды

Шымкентте қыз ұзату тойын ұйымдастырғандар анықталды, деп хабарлады Polisia.kz.

25 қараша күні Шымкент қаласы Тәуке хан даңғылы бойында орналасқан «777 (7 бочек)» мейрамханасында қыз ұзату тойы ұйымдастырылғаны анықталды. Салтанатты шараға шақырылмай кіріп барған тәртіп сақшылары жиында 100-ге жуық адамның болғанын анықтаған.

Полицейлер аталған жайтқа қатысты карантин талаптарын бұзған азаматтарға ҚР ӘҚБтК-нің 425–бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша хаттама толтырды. Жинақталған іс-құжаттар Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Айта кетейік, карантин режимі енгізілгелі бері Шымкент қаласы Полиция департаментінің аудандық Полиция басқармаларының қызметкерлері және арнайы құрылған мобильді топ 910 құқықбұзушылық анықтаған.

Хабар 24 телеарнасы