Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 11 816 адам ем қабылдауды жалғастыруда.
Олардың арасында 781 бала бар. Стационарларда 3 276 науқас жатыр, 8 540 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 208 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 31 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 30 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.