420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҚР ДСМ: Елімізде коронавирус бойынша эпидахуал нашарлап барады

  • 140
  • UPD: 21:31, 27.11.2020

Елімізде коронавирус бойынша ахуал нашарларды. Қазан айымен салыстырғанда індеттің таралуы 3,7 есеге өскен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бес өңір «қызыл аймаққа» кірді. Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай мен Ақмола облыстарында қатаң шектеу шаралары енгізілді. Дегенмен, бұған дейінгі кезеңмен салыстырғанда шығыста жағдай тұрақталып келеді. Алматы әзірге «сары аймақта» тұр. Бұл туралы еліміздің Бас дәрігері Алексей Цой айтты. Соңғы уақытта вирус жұқтырғандардың 70%-і «қызыл аймаққа» енген өңірлердің тұрғындары. Сырттан ауру әкелгендер саны 2 есеге азайған. Бұған дейін Ресейден келгендерден вирус жиі анықталып келді. Сырттан келетіндер ПТР-тест тапсыруға міндетті. Министрдің сөзінше, бұрынғыдай емес, жұрт босаңсып кеткен. Той-томалақ өткізу тыйылмай тұр.

Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Әр апта сайын мәліметтерді зерттеп, алдағы уақытқа болжам жасап отырмыз. Желтоқсан мен қаңтар айларында елде карантин шараларын енгізу мәселесіне келсек, жағдайды қаншалықты бақылауда ұстай аламыз соған байланысты болады. Мысалы, коронавирус өршіген кей өңірде жұқтыру деңгейі төмендеп келе жатқанын байқап отырмыз. Шығыс Қазақстанда жағдай реттеліп, жұқтыру деңгейінің азайғанын байқадық.

Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары:

- Қазақстан Республикасында КВИ-ге қатысты жағдай қиындап барады. 27 қарашадағы мәлімет бойынша 129 217 науқас коронавирус жұқтырған. Және 41 7 56 адамнан КВИ-ға ұқсас ауру анықталды. Осы КВИ оң аурудан 2013 адам, ал, КВИ анықталмаған пневмониясдан 439 адам қайтыс болды. 27 қарашадағы ақпарат бойынша республикамыз орташа қауіпті аймақта тұр.

Министр кей өңірілерде коронавирус бойынша статистиканың сәйкес келмейтінін растады. Осы орайда арнайы тексеру жүргізіліпті.

Жекенің меншігіндегі зертханалар бірыңғай тіркеу жүйесіне енгізілмеген, содан қателік болған. Алексей Цойдың мәлімдеуінше, күні бүгінге дейін вирусты анықтау мақсатында 4 млн зерттеу жүргізілген. Тест өткізу тәулігіне 90 мыңға дейін жетті. Дәрілік препараттар екі айға жетеді. Медицина қызметкерлеріне арналған қорғаныш құралдарының 3 айлық қоры жасалған. Инфекциялық ауруханаларда төсек-орын 22%-ке, жансақтау орындары 17%-ке толған. Министр коронавируспен күреске жұмсалған барлық қаражат туралы жақында толық ақпарат беретінін айтты.

Хабар 24 телеарнасы