420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылорда облысында заңсыз мотоциклмен аң аулап жүргендер ұсталды

  • 421
Қызылорда облысында заңсыз мотоциклмен аң аулап жүргендер ұсталды

Қызылорда облысының Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарында мотоцикл көп.

Ықшам, шығыны аз көлік құралы шаруаға өте ыңғайлы болғанымен, қауіптілігі жоғары. Дегенмен мемлекеттік нөмірі жоқ, тіркелмеген мотокөліктермен заңсыз аңға шығатындар азаймай отыр. Сондай-ақ ішімдікке сылқия тойып, ауыл көшелерін шаңға бөктіріп, құйындатып жүретіндер де жиі кездеседі. Ал жергілікті полицейлер сай-саланы шарлай жүйткіген мото-шабандоздарды тәртіпке шақырып әлек. «Браконьер» шарасы аясында еш құжатсыз мотокөлікпен саятшылық құрып жүрген тағы 2 азамат ұсталды. Олардан тіркеуде жоқ аңшы мылтықтары тәркіленіп, көліктері айып алаңына тоғытылды. Қазірде аудан прокурорлары Ішкі істер бөлімі қызметкерлерімен бірлесе рейдтер ұйымдастырып, жүгенсіз жүргізушілерге және жалпы құқықбұзушылыққа қарсы күресті күшейткен. Заңбұзушылықтың алдын алуға бағытталған жадынама дайындалып, қолданылатын жазаның қатаңдатылуына байланысты қылмыс деңгейінің біршама төмендеуіне қол жеткізіліп отыр.

Айбек Әлиев, Қазалы аудандық ПБ бастығының орынбасары:

– Қазіргі таңда 6726 әкімшілік құқызбұзушылық анықталып, тиісті шаралар қабылданды. ҚР Президенті Жолдауында жұртқа жақын полиция қағидаты бойынша жергілікті полиция қызметінің мейлінше тұтас реформасын жасау қажет деді. Осыған байланысты учаскелік полиция инспекторының рөліне аса мән беріліп, облыстық бюджеттен 3 жол талғамайтын автокөлік беріліп, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы