425,85 504.32 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қазақстанға келген 288 адамда ПТР-анықтама болмаған

  • 252
  • UPD: 12:02, 30.11.2020
Қазақстанға келген 288 адамда ПТР-анықтама болмаған

29 қарашада Қазақстан аумағына Швейцария, Германия, Египет, БАӘ, Түркия, РФ, Украина, Қырғызстан және Тәжікстаннан 20 халықаралық әуе рейсі келді.

2 746 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2 458 адам, анықтамасыз 288 адам (ҚР азаматтары) келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына 9 рейс, 1 505 жолаушы, анықтамамен 1 389, анықтамасыз 116 адам келді;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына 10 рейс, 1 232 жолаушы, анықтамамен 1 060, анықтамасыз 172 адам келді;

Ақтау қаласының әуежайына 1 рейс, барлық 9 жолаушы анықтамамен келді.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді. Барлық 288 адамның тест сынамасы теріс нәтиже көрсетті.

Хабар 24 телеарнасы