420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Текеліге санитарлық бекет қойылды

  • 99
  • UPD: 21:37, 30.11.2020
Текеліге санитарлық бекет қойылды

Алматы облысындағы Текеліге санитарлық бекет қойылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Онда полиция, әкімдік қызметкерлері және волонтерлер кезекшілік атқарады. Мамандар кенді шаһар аумағына кірген жолаушылардың дене қызуын өлшеп, қайдан келіп, қайда бара жатқаны жайлы сауалнама жүргізеді. «Қызыл аймақтағы» облыстан келгендер болса, ПТР тест анықтамасының мерзімін тексереді. Қабылданған қаулыға сәйкес демалыс және мереке күндері қаладағы тамақтану орындары жұмыс істемейді. Сақтық шараларын қатаңдатуға өткен аптада 12 адамнан індет белгілерінің анықталуы себеп болды. Сырқаттанғандардың барлығы үйлерінде оқшауланып карантинге жабылды.

Сері Болысбайұлы, қала әкімінің орынбасары:

- Мына екінші толқын басталғалы қаламызда осы коронавируспен ауырған 28 адам тіркеліп отыр. Оның 9 симптоммен. Бүгінге дейін Талдықорған қаласының инфекциялық ауруханасында 5 адам емделіп шықты. Қазіргі кезде 40 адам байланыста болғаны бар, жаңағы симпомсызы бар, үйдегі карантинде 14 күнге дәрігерлердің бақылауында отыр.

Хабар 24 телеарнасы