425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Теміртау мен Шамалғандағы «Тұңғыш Президент орталығы» телекөпір өткізді

  • 276
  • UPD: 23:38, 30.11.2020

Бүгін Елбасының еңбек жолы басталған Теміртау қаласы мен кіндік қаны тамған Шамалған ауылының «Тұңғыш Президент орталығы» мереке қарсаңында телекөпір өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бір-бірінен мыңдаған шақырым қашықтықта тұрса да, Нұрсұлтан Назарбаевтың сыныптастары мен сындарлы жылдары қасында болған серіктері Елбасы туралы естеліктерімен бөлісті. Жылы шырайлы кездесуді жүздеген адам онлайн режимде бақылап отырды.

Шамалған мен Теміртау. Алғашқы атырапта Елбасыдай есіл ер дүниеге келсе, кейінгісінде еңбек жолы басталған еді. Көгілдір экранның қос басында Нұрсұлтан Назарбаевты жастайынан білген, бірге оқыған, жүздескен, не болмаса кейіннен батасын алғандар отыр.

Мұқағали Сейітқазы, ақын:

- Бірінші болу кез келген сәтте қиын ғой, Тұңғыш Президент болу арқылы шекарамыз бекітіліп, Сарыарқаның төрінен мақтанышпен айта алатын астанамыз салынды. Бұл Елбасымыздың ел болу жолындағы, мемлекет болып қалыптасқан жолындағы біршама істерінің насихатталатын күні деп білемін.

Тұңғыш Президент күнін АҚШ 1885 жылдан бері атап өтіп келеді. Кейін Ұлыбритания, Исландия, Голландия сынды елдер де өз қаһарманын қадірлей білді. Қазақ елі де тәуелсіз елдің Тұңғыш Президенті күнін 2012 жылдан бері атап өтеді.

Жеңіс Қасымбек, облыс әкімі:

- Бірінші болу қашанда қиын әрі үлкен  жауапкершілік. Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі заманғы жаңа мемлекеттің іргесін қалаушы ғана емес, ол нағыз ұлт көшбасшысына, тәуелсіздік симолына айналды.

Теміртаудағы Тұңғыш Президент музейінде қазірдің өзінде 3 мыңнан астам экспонат бар. 6 бірдей залда тәуелсіз елдің аяққа нық тұруы мен Елбасының еңбек жолы туралы құнды мәліметтер бар. Музейге жылына кемі 100 мың адам келетін көрінеді.

Авторлары: Дәуренбек Бағдәулетұлы, Сайлау Игіліков, Аслан Демесбаев

Хабар 24 телеарнасы