419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-дағы санитарлық бекеттер алынбайды

  • 117
  • UPD: 22:24, 02.12.2020
ШҚО-дағы санитарлық бекеттер алынбайды

Шығыс Қазақстан облысы «қызыл аймақтан» шықты.

Мамандардың айтуынша, вирустың таралу көрсеткіші шектік мөлшерден төмендеген. Бұл өлкенің сары аймаққа өтуіне мүмкіндік тудырып жаңа қаулы қабылданды.

Оған сай шектеу шаралары 17 желтоқсанға дейін ұзартылған. Өңірдегі санитарлық  бекеттер әзірге алынбайды. 24 бекеттің жұмысы жалғаса береді. Жаңа қаулыға сай біршама жеңілдіктер бар. Осыған дейін базарлар мен ірі сауда орындары демалыс күндері жабық болып, моншалар мен сауналар қызметі тоқтаған еді. Енді ол шектеулер алынды. Дүкендер мен сауда кешендері тұтынушыларға сенбі күні қызмет көрсете алады. Бұл қаулы жұмадан бастап өз күшіне енеді. 

Талғат Тұңғышбаев, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілі:

- Шығыс қазақстан облысы сары аймаққа өтті, бірақ бұл бір шетінен қуантады, екінші шетінен өте жауапты нәрсе. Өйткен біз осы режимді сақтамасақ қайтадан қызыл аймаққа өтіп кетуіміз мүмкін, сондықтан біз халықтан сұрайтынымыз бұрынғы көрсетілген, айтылған режимдерді сақтауды сұраймыз, сонда ғана  біз ұзағынан сары аймақта болып, сары аймақтан соң жасыл аймаққа да ауысармыз.

Хабар 24 телеарнасы