419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Көкшетауда тағы бір санитарлық бекет қойылады

  • 131
Көкшетауда тағы бір санитарлық бекет қойылады

Бұл туралы бүгін Ақмола облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Ризахмет Жанбеков мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл – мәжбүрлі шара. Өйткені Петропавл бағытынан келе жатқан көліктердің Застационный елді мекені арқылы шаһарға емін-еркін кіріп-шығып жүргені байқалған. Сондықтан солтүстік өнеркәсіптік аумақта тағы бір қосын пайда болмақ. Осымен олардың саны 7-ге жетіп отыр. Сондай-ақ бірнеше бекеттің орны өзгереді.

Мәселен, Петропавл бағытына шығатын жердегі санитарлық нысан, бүгіннен бастап Васильковский мөлтек ауданы тұсынан Сарыарқа шағын ауданына қарай ауыстырылды. Себебі осыған дейін қаланың әкімшілік аумағына кіретін Бірлік және Станционный елді мекендерінің тұрғындары, яғни 6 мыңнан астам адам қалалық тіркеуі бола тұра, санитарлық бекетте кезек күтуге мәжбүр болған еді. Ал Көкшетауға кіріп-шығуға тыйым салынған 5-6 күннің ішінде 10 шақты жүргізуші облыс орталығына заңсыз кірмек болған.

Ризахмет Жанбеков, облыстық ПД бастығының орынбасары:

– Астанада 5 азамат ұсталса, Краснояр кентінен 2 азамат, аэропорттың жанынан 3 азамат ұсталды. Қазір қызметкерлерден тұратын қосымша патруль қоямыз. Оған қосып өз шағын аудандарында тағы да учаскелік полиция инспекторы жұмыс істейді. Міне, сол кісілер айналып өтетін жолдарды бақылауға алады.

Хабар 24 телеарнасы