420,22 505.95 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтауда орнатылған су резервуарлары келер жылы қолданысқа беріледі

  • 154
  • UPD: 08:53, 13.12.2020

Биыл Ақтауда көлік жолдарының жиегіне 200 дана пластик бөшке қойылған еді. Алайда көп ұзамай олар алынып тасталды.

Мұны байқаған шаһар тұрғындары наразылық білдіріп, әкімдіктен себебін сұрады. Жауапты мамандардың сөзінше, су резервуарлары келер жылы қолданылады деп жоспарланған. Кезінде әлгі бөшкелерді шағын аудандар ішіне орнату үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы ойнатылып, «Атамекен» мүгедектерді қолдау қоғамы жеңімпаз болған еді. Жылыту маусымына дейін тек орталық жолдар мен Ақтау әуежайына дейінгі жол шетіндегі бөшкелер ғана тал суаруға қолданылған. Қазіргі уақытта олар жинап алынып, тазаланып жатыр.  

Жанна Жетібайқызы, қала тұрғыны:

- Жазда көретін едім, жолдарда үлкен көк бөшкелердің тұрғанын. Кейін олар жоқ болып кетті. Ақтауда су тапшы дейді, соның кесірінен талдар мен гүлдер күнге қурап қалады. Осыны біз жыл сайын көріп жүрміз ғой. Енді осы мәселені біржолата шешудің уақыты келген сияқты. Қаламызда жасыл талдар көбейсе, әдемі бола түсетін еді.

Алпысбай Таубаев, «Қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы» ММ басшысының орынбасары:

- Жаз мезгілінде көгалдарды суару үшін су жетпеуіне байланысты қаланың негізгі көшелері, орталық периметрлеріне 5 кубтық бөшкелер қою бойынша шешім қабылданды. Су сорғыш насостарымен бірге. Жылыту маусымы басталғалы бұл шешіліп жатыр. Суару маусымына дайындалып қойылатын болады. Яғни шағын аудандар ішіне, скверлер мен парктерге қойылатын болады. Қолданысқа беріледі, пайдалануға жарамды.

Хабар 24 телеарнасы