427,23 518.00 5.85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда интернет арқылы төлем жасау бес жылда 331 есе өсті

  • 265
  • UPD: 09:49, 14.12.2020
Қазақстанда интернет арқылы төлем жасау бес жылда 331 есе өсті

Қазақстанда интернет төлемдер көлемі бес жылда 331 есе өсті.

Ал интернеттің жылдамдығы бойынша 63-орынға көтерілді, деп хабарлады finprom.kz.

Speedtest Global Index мәліметтеріне сәйкес Қазақстан интернет жылдамдығы бойынша қазан айында 176 елдің ішінде 63-ші орынға ие болды. Осылайша, бір ай бұрынғыға қарағанда бірден 4 пунктке, ал бір жыл ішінеде 6 пунктке жоғарылады.

Онлайн төлем қазақстандықтар үшін төлем жасаудың негізгі әдісіне айналуда. Биылғы он айда қазақстандықтар интернет және ұялы телефондар арқылы 21,3 трлн теңгеге сауда-саттық пен т.б. төлемдер жасады. Бұл бір жыл бұрынғыдан үш есе, ал бес жыл бұрынғыдан 331 есе көп.

Қазақстандық және шетелдік карталар бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдер 81,4% құрайды.

Хабар 24 телеарнасы