420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарлық оқушылар тудың суреттерін үйлерінің терезелеріне ілді

  • 121
Павлодарлық оқушылар тудың суреттерін үйлерінің терезелеріне ілді

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Павлодарда «Менің туым – менің Отаным» атты кең ауқымды патриоттық акция өтіп жатыр.

Оған 20 мың оқушы мен 2 мыңға тарта мұғалім тартылды. Балалар Мемлекеттік тудың суретін салып, үйлерінің терезелеріне ілді. Жоба ұрпақ бойына отаншылдық қасиеттерді сіңіріп, Отанға деген сүйіспеншілікті оятуды көздейді. Іс-шараға мекеме, ұйымдардан бастап қарапайым қала тұрғындарына дейін қатыса алады. Акция желтоқсанның 18-іне дейін жалғасады.

Мейрамгүл Қарабаева, ата-ана:

– «Менің туым – менің тереземде» республикалық акциясының өтіп жатқанына біршама уақыт болды. Соған байланысты біз өзіміздің отбасымызбен бұл акцияға атсалысып жатырмыз. Мен өзімнің Отаныма гүлденіп, жайнай беруін, биіктерден көріне берсін деген тілектерімді айтқым келеді.

Назира Жаңғабылова, №25 жалпы орта білім беру мектебі директорының орынбасары:

– Оқушыларымыз ата-аналарының қолдауымен өздері тұратын үйді тумен безендіріп, өздерінің елге деген сүйіспеншілігін осылай білдіріп жатыр. Бұл, әрине, өте қуанышты іс. Үлкендер бастаған бұл бастама өсіп келе жатқан әрбір жеткіншектің Отанға деген сүйіспеншілігін арттыратын, патриоттық сезімін арттыратын бір жақсы іс-шара болып табылады.

Хабар 24 телеарнасы