423,04 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

COVID-19 хаттамасына өзгертулер енгізіледі

  • 178
  • UPD: 17:40, 15.12.2020
COVID-19 хаттамасына өзгертулер енгізіледі qazpulse.kz

Елорада алдағы жексенбі күні сауда-ойын-сауық орталықтары жұмыс істемейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған бас шаһардың «қызыл аймақта» болуы себеп. Алайда қала сыртына шығам деушілер үшін жол ашық. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдерімен өткен брифингте мәлім болды. Сонымен бірге мамандар адам қарасы қалың жерге бармау, ұжымдық шараға қатыспау, салқын тиюдің алдын алу және құттықтау үшін қашықтан байланыс құралдарын қолдануға кеңес берді. Мәлім болғандай, коронавирусты қайта жұқтыру дерегін анықтау үшін клиникалық хаттамаға өзгертулер енгізілуі тиіс.

Роза Қожапова, ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басқарма басшысы:

– Денсаулық сақтау министрлігінде коронавирусты қайта жұқтырудағы диагнозды анықтау мәселесі біршама қиындық тудырған. Сол себепті вирусты қайта жұқтыру дерегін анықтауға қатысты клиникалық хаттамаға өзгертулер енгізіліп жатыр. Өйткені кейде адам коронавирусқа шалдығып, жазылғанан кейін тест нәтижесі біршама уақытқа дейін оң болуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы