Қарағанды облысында эпидемиологиялық ахуалдың тұрақты болуына байланысты барлық санитарлық бекеттер алынатын болды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Аймақтың Бас санитар дәрігерінің қаулысы желтоқсанның 18-і күні күшіне енеді.
Естеріңізге сала кетейік, 19 қазанда Жезқазған мен Приозерск қалалары және Осакаров, Нұра, Қарқаралы, Бұқар жырау, Ұлытау аудандарының кіреберісіне 8 санитарлық бекет қойылған болатын. Онда дәрігерлер мен полиция қызметкерлері жүргізушілер мен жолаушылардың дене қызуын өлшеп, денсаулығын тексеріп тұрды.