420,18 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте карантиндік шектеу шаралары тағы 20 күнге ұзартылды

  • 145
  • UPD: 13:34, 17.12.2020
Шымкентте карантиндік шектеу шаралары тағы 20 күнге ұзартылды

Шымкент қаласында карантиндік шектеу шаралары тағы 20 күнге ұзартылды.

Бұл туралы қаланың Бас санитарлық дәрігерінің қаулысында айтылған. Шектеу шаралары 21 желтоқсан түн жарымынан бастап 11 қаңтарға дейін жалғасады. Шектеу бойынша қала тұрғындарына ауқымды іс-шаралардан бас тартып, 65 жастан асқан азаматтарға аса қажеттіліксіз далаға шығудан тыйылуға, қоғамдық көліктер мен далада маска тағып жүру міндетті болып қала бермек. Жұмыс берушілерге қызметкерлердің 50%-ін қашықтан жұмыс істеуге ауыстырып, базарлар мен сауда орындарындағы адамдар саны жалпы сиымдылықтан 30%-тен аспауы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы