421,98 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Апорт» қонақтары үшін жағымды жаңалық!

  • 134
  • UPD: 14:39, 18.12.2020

Алматының батыс аймағында орналасқан «Апорт» молына жету ендігі жерде өте оңай әрі жылдам.

Өйткені жаңа жол айрықтарының бір бөлігі қолданысқа беріліп, көлік кептелісі азайды. Еліміздегі ең ірі молл орталық «Апортта» отандық және әлемдік брендтегі тауар сататын 220 дүкен бар. Онда тұрақты түрде акциялар мен жаппай жеңілдіктер болып тұрады. 

Күнделікті күйбең тіршіліктен шаршаған жұрт бір уақ демалып, көңіл көтергісі келетіні белгілі. Енді Алматы халқы қолы қалт ете қалғанда, «Апортқа» асығады. Өйткені мұнда келушілерге барлық жағдай жасалып отыр. Яғни бұрынғыдай көлік кептелісінде тұрмайсыз. Жаңа жол айрықтарының бір бөлігі ашылып, Апортқа қала ортасынан 15 минутта-ақ жетуге болады. Және мұнда көлік тұрағы мәселесі түбегейлі шешілген. Тұрақ толығымен тегін.

Талғат Жұмағұлов, молл «Апорт» басшысының орынбасары:

– Бізде автотұрақта таксиге арналған орындар бар. Және адамдар такси шақыртқанда қай жер лайықты сол жерден такси алып кетеді. Және каршерингпен көлік жалдап келген адамдар біздің автотұрақта көліктерін қалдыруға болады.

«Апорт» қонақтары үшін тағы бір жағымды жаңалық. Жақында ғана сауда орталағының жанынан ашық аспан астындағы бассейн ашылды. «Hawaii Miami aquapark & SPA» деп аталған бассейнде тек балалар емес, егде жастағы адамдардың да келіп суға түсуіне болады. Тереңдігі 1 метр 80 сантиметр болатын бассейннің суы денсаулыққа өте пайдалы дейді мамандар.

Айдана Алданбердиева, Miami SPA директоры:

– Термалды бассейндегі су жер астынан шығып жатқандықтан өте таза. Судың температурасы 38-ден 45 градусқа дейін. Денсаулыққа пайдасы мол. Қан айналым жүйесін жақсартып, денені қатайтады.

Жаңа жылға жақындарыңызға сыйлық алғыңыз келсе, «Апортта» жаппай жеңілдіктер жасалуда. Тек 5 мың теңгеден жоғары сауда жасасаңыз болды. Молл «Апорт» тек жергілікті тұрғындар үшін емес басқа қаладан келетін қонақтарғада жағдай жасап, қала көшелеріне арнайы жол сілтейтін белгілерді орнатты.

Авторлары: Жандос Айтбайұлы, Радик Жақыпов

Хабар 24 телеарнасы