419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбелік оқушылар облыстың 3D форматындағы картасын жасап шығарды

  • 130
  • UPD: 18:29, 19.12.2020

Ақтөбедегі Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары облыстың 3D форматындағы картасын жасап шығарды.

Онда өңірдегі 12 ауданның тарихы, экономикасы және табиғи байлықтары жөнінде мәліметтер бар. Мұғалімдермен бірлесе жүргізілген жасөспірімдердің ғылыми жұмысы бүгінде бірнеше мекеменің қызығушылығын туғызып отыр. Әсіресе, ауыл шаруашылығы мен білім басқармалары қолдана бастапты. Электрондық картаны алдағы уақытта ұялы телефонға да жүктеу мүмкіндігі тумақ. Бұл оқушылардың өлкетану-зерттеу экспедицияларынан кейін қолға алынған жұмыстың нәтижесі.

Ескендір Теміртаев, оқушы:

– Бұған көп жұмыс атқарылған болатын. Мысалы, біз барлық ақпаратты сол облыстың, ауданның, қала тұрғындарынан сұраған болатынбыз. Архив мұрағаттарынан ақпарат алған болатынбыз. Тікелей әдебиеттерден нақты, тың әрі қысқа ақпараттар беруге тырыстық.

Назгүл Хаджи-Мұхан, тарих пәнінің мұғалімі:

– Осы картаны біз тағы да маңызды бөлімдермен толықтырудамыз. Соның ішінде географиялық ерекшеліктері, саясаты, туризмі, спорт саласы, мәдениеті. Мәдениеттің өзін бірнеше бөлімдерге бөлдік. Концерттік залдар, әр аудан бойынша театрлар, мұражайлар, кітапханасы деген сияқты танымал тұлғалар жөнінде мәлімет беретін электрондық картаны жасақтау үстіндеміз.

Хабар 24 телеарнасы