418,41 511.30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада қар жинауға екі мыңнан астам жұмысшы жұмылдырылды

  • 145
  • UPD: 12:52, 20.12.2020
Елордада қар жинауға екі мыңнан астам жұмысшы жұмылдырылды

20 желтоқсанда елордада қар тазалауға 1180 бірлік арнайы техника және 2 мыңнан астам жұмысшы жұмылдырылды.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, елордада бір күн бұрын 3,7 мм жауын-шашын түскен. Түнде 5 мың текше метрден астам қар шығарылды.

Нұр-Сұлтан қаласында қардан тазарту жұмыстарын жүргізу екі ауысымдық режимде кешке және түнде күшейтіліп, қар шығару маршруттарын реттей отырып қарастырылған.

Бірінші көлік қозғалысы өте тығыз аймақтар, әрі қарай қарқындылығы орташа аудандар тазартылады.

Қала жолдарының жүру бөлігін мұз басуға қарсы материалдармен өңдеу қар жауа бастаған сәттен басталады.

Бұған дейін қар елорданың барлық ауданында орналасқан он бір полигонға шығарылатыны хабарланған болатын. Қалада қар күреу тәулік бойы жүргізілуде. Полигондарға бақылау үшін фото және видеокамералар орнатылған.

Ақпарат көзі: елорда әкімдігінің баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы