420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысында жауын соңы көктайғаққа ұласты

  • 136
  • UPD: 17:29, 20.12.2020
Түркістан облысында жауын соңы көктайғаққа ұласты

Түркістан облысында ауа райы әлі де құбылмалы болып тұр. Кеше аймақта жаңбыр жауып, соңы көктайғаққа ұласты.

Жолдың бәрі көк мұзға айналып, бірнеше жол-көлік оқиғасы тіркелді. Ордабасы ауданының аумағында екі жүк көлігі аударылып, жүргізушілер опат болған. Жағдайға байланысты «Самара-Шымкент» тас жолы уақытша жабылды.

Талғат Серікұлы, ТЖД төтенше жағдайларды жою басқармасының басшысы:

- Төрт асуымыз бар. Созақ, Бәйдібек, Түлкібас аудандарында. Бадамбұлақ, Шыбықбел, Таскөмірсай, Шақпақ асулары, осылар қауіпті деп саналады. Себебі асуда жел тұрғанда жолды жауып қояды. Табиғаттың әсерінен. Сол үшін тұрғындарға айтатынымыз қауіпсіздік шараларын қатаң сақтаса, СМС хабарламаларға мән берсе, жол апаты аз болады деген үміттеміз.

Хабар 24 телеарнасы