418,41 511.30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алтай Көлгінов елордадағы энергетика саласы мамандарының жалақысын көтеруді тапсырды

  • 114
  • UPD: 17:03, 20.12.2020
Алтай Көлгінов елордадағы энергетика саласы мамандарының жалақысын көтеруді тапсырды

Елорда әкімі Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтан қаласының энергетиктерімен кездесіп, олардың жалақысын әлде де көтеруді тапсырды.

Олар – «Астана-АЭК» АҚ, «Астана-Энергия» АҚ, «Астана Теплотранзит» АҚ жұмысшылары, оның ішінде «Астана Су Арнасы» МКК мамандары. Қосымша сыйақы да берілетін болады, деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша 2020 жылдан бастап энергетиктердің жалақысы (барлық ведомстволық ұйымдар) артты. Қала әкімі қызметкерлерді энергетиктер күнімен құттықтап, еңбек жағдайларын жүйелі түрде жақсарту қажеттігін атап өтті.

«Біздің климат күрт континенталды, елордамыз әлемдегі ең суық астаналардың бірі. Энергетиктердің тынбай еткен еңбегінің арқасында қалаға жылу, жарық, су үздіксіз келіп тұрады. Қыс айларында энергия көздеріне түсетін салмақ артады. Алтыншы турбинаны қосу бізге қосымша 120 МВт электр энергиясы мен жылыту үшін 180 гигакалория береді. ЖЭО-1 және ЖЭО-2 қазандықтары газға ауыстырылды. Бұл шаралар энергия көздеріне салмақ түсірмеуге мүмкіндік береді.

Еңбек жағдайын жасау үшін биыл жалақыны жоспарлы түрде көтере бастадық, келесі 2021 жылы жалғастырамыз. Біз жұмысшыларымыздың еңбегін бағалаймыз. Еңбектеріңіз үшін рахмет», - деді Алтай Көлгінов.

Хабар 24 телеарнасы