423,42 511.30 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сенат сыраны жарнамалауға тыйым салды

  • 138
  • UPD: 14:14, 21.12.2020
Сенат сыраны жарнамалауға тыйым салды

Сенат бұқаралық ақпарат құралдарында сыра жарнамасына тыйым салды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған дейін Мәжіліс мақұлдаған «Ақпарат мәселелері туралы» заң жобасына екі бірдей өзгеріс енгізіп, кері қайтарды. Мәжіліс депутаттары отандық сыра мен тауар белгісін жарналамауға рұқсат еткен болатын. Ал сенаторлардың айтуынша, былтыр сыра өндірісі жарнамасыз-ақ 11 процентке өскен. Сондықтан сыраны жарнамалаудың қажеті жоқ деп отыр.

«Ақпарат мәселелері туралы» заң жобасы телерадио хабарларын тарату және ақпарат саласындағы заңнаманы жетілдіру мен отандық БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін дамытуға бағытталған.

Хабар 24 телеарнасы