423,83 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Нұр-Сұлтанда пиротехниканың заңсыз сатылуы тексерілуде

  • 396
  • UPD: 17:05, 21.12.2020
Нұр-Сұлтанда пиротехниканың заңсыз сатылуы тексерілуде

Елорда аумағында 15 желтоқсан мен 7 қаңтар аралығында заңсыз сатылымдағы сертификатталмаған пиротехникалық заттарды тәркілеуге бағытталған «Пиротехника-2020» жедел профилактикалық шарасы жүргізілуде.

Полиция қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің азаматтық қорғау органдарымен бірлесіп, пиротехниканың стихиялық сауда орындары бойынша рейдтік шаралар жүргізіп жатыр.

Пиротехникалық бұйымдарды контейнерлерден тыс жерлерде сату және тиісті лицензиясы мен рұқсаты жоқ тұлғалардың пиротехникалық өнімдерді ашық павильондардан, автомобильдерден, шатырлардан және өтпелерден сату мен сақтауға қатаң тыйым салынғаны туралы еске саламыз.

Аталған фактілер анықталған жағдайда ҚР ӘҚБтК-нің 196 бабына сәйкес (Еркiн сауда жасауға Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынған немесе шектелген тауарлармен және өзге де заттармен сауда жасау) жауапкершілікке тартылады.

Хабар 24 телеарнасы