Қазір шаһар «жасыл» аймақта тұр.
Бұл туралы қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева мәлімдеді. Үшінші тоқсаннан бастап мектеп оқушыларының 65%-і дәстүрлі түрде білім алады. Егер қалада санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты болса, қосымша 925 кезекші сынып ашылады деп жоспарланып отыр. Ата-аналардың көпшілігі балаларын мектепке апаруға дайын. Биылғы оқу жылында Шымкентте 11 оқушы COVID-19 індетін жұқтырған. Олардың тек біреуі ғана мектепке барып жүрсе, сыныптастары мен мұғалімдердің ПТР-тесті теріс нәтиже көрсетті. Коронавируспен ауырған өзге 10 оқушы қашықтан білім алған. Қазір барлығының жағдайы жақсы. Сабақтарын жалғастыруда дейді білім басқармасының өкілдері.
Жанат Тәжиева, қалалық білім басқармасының басшысы:
- 3 тоқсанда бірінші кезекте бастауыш сыныптарды толығымен осы кезекші сыныптармен қамтуды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар 10-11 сынып оқушылары арасында да кезекші сыныптарды көбейту, сондай-ақ оқушы саны 400-ден аспайтын мектептерді дәстүрлі білім беруге көшіру жоспарланып отыр. Ол егер де бас санитарымыз рұқсат берген жағдайда, халықтың ахуалы дұрыс болған жағдайда осы жаңа жылдағы оқу жағдайын жоғарылату жоспарланып отыр.