418,54 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ширек ғасырдан кейін Орта Азия су дағдарысына тап болуы мүмкін

  • 127
  • UPD: 12:54, 22.12.2020
Ширек ғасырдан кейін Орта Азия су дағдарысына тап болуы мүмкін

Суды үнемдеу керек. Дүниежүзілік банктің болжамы бойынша алдағы 20-25 жылда Орта Азия елдерінде су тапшылығы болуы мүмкін.

Біз тұтынатын судың жартысына жуығы көрші елдерден келеді. Оның 65 процентін ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланып отырмыз. Трансшекаралық өзендерді бірлесе пайдалану бойынша келісімдер жасалған. Бүгін Үкімет су ресурстарын басқару мәселелерін талқылады. Жауапты министрліктер суды пайдалану бойынша мемлекеттік бағдарламаның жобасын жасаған. Құжат су инфрақұрылымдарын салу мен ескісін жаңғыртуды  көздейді. Сондай-ақ су үнемдеу технологияларын енгізіп, есепке алу мен цифрландыру жоспары бар. Бұл шаралар су шығынын азайтуға мүмкіндік береді. Осы орайда премьер-министр Асқар Мамин ауыл шаруашылығы, экология және сауда министрлеріне нақты тапсырма берді. Ал жергілікті әкімдіктерге гидротехникалық қондырғыларды жаңғырту тапсырылды.

Хабар 24 телеарнасы