418,41 511.30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҚР ДСМ қазақстандық және ресейлік вакциналардың бағасын айтты

  • 158
  • UPD: 16:12, 28.12.2020
ҚР ДСМ қазақстандық және ресейлік вакциналардың бағасын айтты coronavirus2020.kz

Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Марат Шоранов қазақстандық және ресейлік вакцинаның болжамды бағасын айтты.

– Ресейлік серіктестеріміздің мәліметі бойынша, Ресейде Sputnik V вакцинасының құны шамамен 20 АҚШ доллары көлемінде. Ал өзіміздің отандық вакцинаға келетін болсақ, қазір зерттеу жұмыстары жүріп жатқандықтан, өндірушіден оның бағасы жайлы мәліметті қаңтар-ақпан айларында білетін боламыз. Вакцинаның құны туралы толығырақ ақпарат алу үшін Білім және ғылым министрлігіне хабарласыңыздар, – деді ол брифингте.

Хабар 24 телеарнасы