Алматыда басына мұз түсіп мерт болған әйелдің ісі: ПИК төрағасы сотталды
- 128
- UPD: 11:01, 31.12.2020

Алматы орталығында басына мұз түсіп қайтыс болған әйелдің өлімі туралы іс бойынша күдікті Пәтер иелерінің кооперативі төрағасына қатысты сот үкімі шықты.
Ер адам өз міндеттерін орындамады деп айыпталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«К.Қарыбаев Қылмыстық кодекстің 254-бабы бойынша кінәлі деп танылсын және қауіпсіздігі барынша төмен атқарушы жүйе мекемесінде екі жыл және алты ай бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын. Сот залында қамауға алынсын», – деді судья Арай Нұғыманова.
Іс бойынша сот отырысы онлайн өтті.