418,54 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семейде істі болған азаматтардың дені қоғамдық жұмыстардан бас тартады

  • 118
  • UPD: 19:46, 31.12.2020
Семейде істі болған азаматтардың дені қоғамдық жұмыстардан бас тартады

Бұл туралы өңірдегі пробациялық қызмет мамандары мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың айтуынша, жазасын өтеушілер күніне 4 сағат қолына күрек ұстағаннан гөрі, тәулік бойы абақтыда отырғанды қалайды. Тек санаулы адам ғана жазасын қоғамға пайда келтіріп өтеуге әзір. Қазір өңірдің 200 тұрғынын қоғамдық жұмыстарға тарту туралы сот үкімі бар.

Олег Курьянович, қала тұрғыны:

– Пробациялық қызмет мені жылу-электр орталығына жолдады. Міндетім – мекеме ауласын тазалап, қарын аршу. Заң бұзғандықтан, кінәмді осылай өтеп жүрмін. Абақтыда отырғаннан жұмыс істегенім артық деп ойлаймын.

Гүлнәр Исмаилова, Әуезов аудандық пробациялық қызметінің инспекторы:

– Қоғамдық жұмысқа тартылған отыздан астам сотталушы жазасын өтеуде, соның бірі Олег Курянович 80 сағат қоғамдық жұмысқа тартылған. Сотталғандардың кейбірі ол жұмысты ауыр жұмыс түрі деп есептеп, жазаларын өтеуден бас тартады, ондай жағдайда мұндай сотталғандар 4 сағаты бір күн есеппен бас бостандығынан айырылады.

Хабар 24 телеарнасы