386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада рұқсат етілмеген орындарға жарнама ілгендерге ірі айыппұл салынды

  • 500
  • UPD: 18:45, 12.06.2017
Астанада рұқсат етілмеген орындарға жарнама ілгендерге ірі айыппұл салынды

Жыл басынан Астана қаласының ІІД жергілікті полиция қызметімен белгіленбеген орындарда жарнамалар таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 166 заңды және жеке тұлғалар тартылды.

Жалпы соммасы – 1 500 000 теңге. Бұл туралы Астана қаласы ІІД жергілікті полиция қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Осылайша, Астана қаласының ІІД жергілікті полиция қызметінің табиғатты қорғау полиция бөлімі рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында А. есімді азаматтың Тәуелсіздік даңғылындағы электрмен жабдықтау тірегіне хабарландыру парақшасын жапсырғаны анықталды.

А. есімді азаматқа ҚР ӘҚБтК 505 б.1 т. «Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу» бойынша әкімшілік хаттама тіркеліп, 20 АЕК (45 380 теңге) айыппұл салынды.

Еске салсақ, 145-4 пунктіне сәйкес «Абаттандыру ережесі, санитарлық күтіп ұстау, жинауды ұйымдастыру және Астана қаласы аумағындағы тазалықты сақтауды қамтамасыз ету», яғни ғимараттарға өзге тәсілмен таратуға, құрылыстарға, қоршауларға, талдарға, электрмен жабдықтау тіреулеріне, аялдама павильондарына ақпараттарды жапсыруға және тағы да басқа осындай жарнамалар мен ақпараттарды таратуға жол берілмейді.

Астана қаласының ІІД жергілікті полиция қызметі азаматтарға құқық тәртіп мәселелеріне немқұрайлы қарамай, құқықбұзушылық жөнінде ақпаратты «102» телефон нөміріне немесе жақын арадағы учаскелік полиция пунктіне хабарлауларын сұрайды.

Хабар 24 телеарнасы