389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Демалыс күндері ШҚО-да 70 тоннадан артық шөп жанып кетті

  • 702
  • UPD: 12:12, 28.08.2017
Демалыс күндері ШҚО-да 70 тоннадан артық шөп жанып кетті ШҚО ТЖД

Өткен сенбіде Зайсан және Риддер қалаларында 5 тоннадан, ал Қатон-Қарағайда 15 тонна жиналған шөп жанып кеткен.

Өрт сөндірушілер қызыл жалынды өзге аумаққа таратпай ауыздықтады. Ал Тарбағатай ауданына қарасты Қызылкесік ауылында 20 тонна шөп пен қора қопсы қоса өртенген. Абырой болғанда мұнда да тілсіз жау дер кезінде сөндірілді. Күршім ауданындағы Сарыөлең ауылында 15 тонна шөп, Үржар және Ұлан аудандарында 4 тоннадан мал азығы жанып кетті. Ең бастысы, адамдар аман, қызыл жалын басқа нысандарға зақым келтірген жоқ. Әзірге отпен абайсыздық немесе әдейілеп өрт қою сияқты жорамалдар айтылып отыр. Анықтау жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы ШҚО ТЖД баспасөз қызметі хабарлап отыр. 

Авторы: Болат Көкенайұлы

Хабар 24 телеарнасы