384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда кәріз құбыры жарылып, шайынды су Есіл өзеніне құйылды

  • 601
  • UPD: 10:34, 19.10.2017

Петропавлда кәріз құбыры жарылып, 50 текше мертден астам шайынды су Есіл өзеніне құйылды.

Қазір эколог мамандар өзен суынан сынама алып, арнайы тексеріс жүргізіп жатыр. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды. Егер сумен жабдықтау кәсіпорнының кінәсі дәлелденсе, оларға әкімшілік айыппұл салынатын болады.

Айта кету керек, Петропавл қаласындағы кәріз құбырларының жалпы ұзындығы 240 шақырым. Бүгінде оның 60 пайыздан астамының әбден тозығы жеткен.

Ермек Омаров, облыстық экология департаментінің басшысы:

- Алаңдауға еш негіз жоқ. Біздің мамандар осы оқиға бойынша тексеріс жұмыстарын жүргізіп жатыр. Екі апта уақыттан кейін талдау нәтижесі дайын болады. Сол кезде шығын көлемі де есептеледі. Бүгінгі күні көршілес Ресей елінің мамандарымен тікелей байланыс орнаттық. Оларда жағдай тұрақты.

Хабар 24 телеарнасы