389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР СІМ: Мәскеуде көз жұмған 3 адам Қостанай облысының тұрғындары болып шықты

  • 571
  • UPD: 19:45, 26.02.2018
ҚР СІМ: Мәскеуде көз жұмған 3 адам Қостанай облысының тұрғындары болып шықты

Мәскеуде жүк көлігінің кабинасынан денесі табылған Қазақстан азаматтары туралы жаңа деректер шықты.

«2018 жылғы 24 ақпанда Мәскеу облысының Новоселки елді мекенінен мәйіті табылған үш ер адам Қазақстан азаматтары, 1965, 1968 және 1971 жылғы Қостанай облысының тұрғындары болған», – деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.

Министрліктегілердің айтуынша, қайтыс болғандардың туыстарына оқиға туралы хабар берілген.

«Қазақстанның Ресейдегі елшілігі консульдік-құқықтық көмек көрсетеді, соның ішінде қайтыс болғандардың денесін Қазақстанға жеткізуді ұйымдастыруға жәрдем береді», – дейді СІМ баспасөз қызметінің өкілдері.

Еске сала кетейік, үш қазақстандықтың денесі Мәскеу облысында, жүк көлігінің кабинасынан табылған болатын. Кабинадан газбен жанатын шам табылды. Оны жылыну үшін пайдаланған болуы мүмкін. Ер адамдар газдан улану салдарынан қаза тапқан болуы ықтимал, алайда өлімнің нақты себептері тек сараптамадан кейін белгілі болады.

Ақпарат көзі: inform.kz

Хабар 24 телеарнасы