384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда оқушы қызды өлтірді деген күдікті анықталды

  • 569
  • UPD: 15:23, 20.03.2018
Қостанайда оқушы қызды өлтірді деген күдікті анықталды

Қостанай қалалық ІІД баспасөз қызметі 9-сынып оқушысының өліміне қатысты жаңа деректерді мәлімдеді.

Бұл туралы Alau.kz хабарлады.

ІІД баспасөз қызметінің берген ақпаратына сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. «Күдікті анықталды. Қостанайдың 44 жастағы тұрғыны. Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында кешенді жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады Қостанай облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.

Еске салсақ, Қостанай орталығында №11 мектептің 9-сынып оқушысын белгісіз біреулердің өлтіріп кеткені туралы хабарланған болатын.

Хабар 24 телеарнасы