384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Теңіз шекарашылары 5 дағыстандық азаматты қолға түсірді

  • 350
  • UPD: 15:05, 17.04.2018
Теңіз шекарашылары 5 дағыстандық азаматты қолға түсірді

Еліміздің теңіз шекарашылары Маңғыстаудағы Құлалы аралының солтүстік-батыс бөлігінде, балық аулап жүрген 5 дағыстандық азаматты қолға түсірді.

Шекара күзетінің «Ратмир» жүрдек катерін көрген бойда браконьерлер қаша жөнелген. Қарулы жасақ әуеге ескерту оқ ату арқылы «Байда» маркалы су көлігін тоқтатты. Тексеру кезінде сыйымдылығы 200 литрлік 5 бөшке мен 50 литрлік 3 балық сақтауға арналған ыдыстар табылған. Сондай-ақ 5 дана GPS құралы мен осыншама ұялы телефондар тәркіленіп алынды. Күдіктілер Форт-Шевченко қаласындағы уақытша ұстау абақтысына жеткізіліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Талғат Төребаев, ҚР ҰҚК ШК аймақтық басқарма басшысының орынбасары:

– Соңғы күндері күдікті су көліктерін тізгіндеген тұлғалардың шекарашылар талабына бағынбауы жиілеп барады. Алдымен әуеге ескерту оғы атылған соң нысанаға қайықтың моторлы бөлігі алынады. Құлалы аралы маңында қолға түскен байданы тексеру кезінде іші бос болып шықты. Яғни күдіктілер ұстаған балығы мен ау-жабдығын теңізге тастап үлгерген. Қазір ҚР Қылмыстық Кодексінің 392-бабының 1-тармағымен іс қозғалып, тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы