369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астананың әуежай маңындағы тұрғын алқабында балалар суға кетті

  • 492
  • UPD: 13:29, 25.06.2018

Астанадағы «Пригородный» тұрғын алқабында балалар суға кетті.

Бұл туралы ҚР ТЖК ресми өкілі Р.Иманқұлов хабарлайды.

Артынша Нұра-Есіл су арнасында іздестіру жұмыстары жүргізілді. Құтқарушылар балалардың мәйітін таңғы 05:17-де тапқан. 

Ақпаратқа сәйкес, 2007 жылғы екі бала, 2006 жылы туған бір бала және 2009 жылы туған бір бала – барлығы төрт бала суға кетіп, көз жұмған.

Қазір оқиғаны полиция тергеп жатыр.

ҚР ТЖМ ата-аналардың балаларды қараусыз қалдырмауға және оларды қауіптер туралы ескертуге шақырады.

Аударған: Г.Абилова

Осы категория бойынша: « Түркияның жолаушылар ұшағы апатты жағдайда Атырауға қонды Павлодар облысында бір апта ішінде үш адам суға кетті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы