369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астана әкімінің орынбасарына қатысты тергеу амалдары басталды

  • 277
  • UPD: 16:10, 12.07.2018

Астана қаласы әкімінің орынбасары Сергей Хорошунға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Бұл туралы бүгін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахин мәлімдеді. Оның айтуынша, қала әкімінің үстінен құрылыс компаниясының жетекшісінен мүлік түрінде пара алғаны жөніндегі арыз түскен. Қазір шағым иесінің сөздері тексеріліп жатыр. 

Нұрлан Жахин, ҚР МҚІСЖҚІА ресми өкілі:

- Арызда Машуров «Тамыз Инвест Групп» АҚ құрылыс компаниясының басшысы бола тұрып, Хорошунға қамқорлық жасау үшін мүлкін беріп отырғаны көрсетілген. Қазіргі таңда Машуровтың дәлелдері тексерілуде. Қылмыстық іс жүргізілуде. Құқықтық-процестік кодекстің 201-тармағына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етілмейді.

Осы категория бойынша: « Теміртау қаласындағы өндірістік алқапта өрт болды Алматыдан 574 шақырым қашықтықта жер сілкінді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы