374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтауда дүкенге тапаншамен кірген ер адам ұсталды

  • 339
  • UPD: 09:08, 20.07.2018

Ақтаулық полицей дүкенге тапанша алып кірген ер адамды ұстады.

32Б мөлтек ауданындағы шағын маркетке 25 жастағы жігіт суық қарумен келеді. Абырой болғанда, осы сәтте дүкенге су алуға полиция қызметкері кіреді. Тапанша ұстаған мас адамды көрген бойда жедел қимылдап, қаруын тартып алады. Дереу қосымша көмек шақырып, қолға түскен күдіктіні тапсырады. Қазір ол уақытша ұстау абақтысында отыр. Пневматикалық қаруды қандай мақсатпен алып жүргені тергеліп жатыр.

Нұрғали Асқаров, облыстық ІІД ЖПҚ аға сержанты:

– Ер адам ішкен күйінде дүкенге тапаншамен кірген. Қаруды тәркілеп, жедел топқа тапсырдым. Ол қарудың пневматикалық қару екені анықталды. Бұл азаматтық қызметтік борыш болып есептеледі. Қоғамдық орын болғандықтан, мұндай нәрсеге көз жұмып кете алмаймын.

Осы категория бойынша: « Есіл жағасына жиналған астаналықтар Денис Теннің рухына тағзым етті Алматы полициясы Денис Тенді өлтіргендер туралы ақпарат бергендерге сыйақы тағайындады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы