374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атыраудағы жылу құбырынан өрт шықты

  • 197
  • UPD: 16:22, 13.08.2018

Атырау қаласындағы теміржол жағалауындағы жылу құбырында өрт шықты.

Сол аймақтағы меншікті тілшіміз Виктор Стуягиннің хабарлауынша, құбырды айналдыра қапталған материал өртенген. Сонымен қатар сол маңдағы құрғақ шөптерді де өрт шалды. Тілсіз жау шарпыған аумаққа жақын жерде өндірістік аймақ орналасқан. Ең қауіптісі, қала ішіне газ таратқыш торап та осы маңда. Оқиға орнына өрт сөндірушілер жетіп, қазір жалынды ауыздықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Осы категория бойынша: « Оралда 9 жастағы бала көлік айдап, көпір жанындағы тірекке соғылды Қарағанды облысында жол апатынан 6 адам қаза тапты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы