365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да топырақ астында қалған машинистің қай аумақта болуы мүмкін екендігі анықталды

  • 152
  • UPD: 12:31, 29.08.2018
ШҚО-да топырақ астында қалған машинистің қай аумақта болуы мүмкін екендігі анықталды SN.kz

Шығыс Қазақстанда қопарылған топырақ астына түсіп кеткен машинистің қай аумақта болуы мүмкін екендігі мөлшермен анықталды.

Мамандар әзірге сол жердің маңайын қауіпсіздік үшін бекітіп, іздеу жұмыстарын жалғастыруда.

Айта кеткен жөн, Риддер қаласы маңындағы Тишинск кенішінде опырылған үйінді астына қалып қойған машинисті іздеу шараларының жүріп жатқанына бүгін бесінші күн. Оқиға 15 метрге созылып жатқан тау-кен қазбасының үстінде болған. Қазір кеніш жетекшілері мен жұмысшылары іздеу жұмыстарымен айналысып жатыр. Апаттық құтқару қызметі шақырылып, жедел штаб құрылды. Құтқару шарасына 40 адам 5 техника жұмылдырылған. Мамандардың пайымдауынша, топырақ қопарыла құлаған кезде машинаны тұрған жерінен біршама қашықтыққа лақтырып жіберуі мүмкін. Кеніш жұмысы уақытша тоқтатылды. Құтқару операциясы тәулік бойы жалғасуда.

Аталған кеніш Риддер қаласынан 15 шақырым жерде орналасқан.

Авторы: Эльмира Ахметова

Осы категория бойынша: « Семейде тағы бір адам суға батты ШҚО-да өрт кезінде 50 жастағы азамат қаза тапты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы