366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жамбыл облысында өртсөндірушілер дала өртімен арпалысып жатыр

  • 172
  • UPD: 12:11, 20.09.2018
Жамбыл облысында өртсөндірушілер дала өртімен арпалысып жатыр

Жамбыл облысында тағы да дала өрті тіркелді.

Бұл жолы Тұрар Рысқұлов ауданының аумағы өртеніп жатыр. Құмарық ауылдық округінің таулы аймақтарында қураған шөп жанып, дес берер емес. Қызыл жалын бүгін түнгі сағат 01.00-де басталған. Тілсіз жаумен күрес әлі де жалғасып жатыр. Ол үшін 6 бірлік техника мен 60-қа жуық адам жұмылдырылды. Оттың неден тұтанғаны белгісіз. Өрт аумағы анықталып жатыр.

Азат Әбдіразақов, облыстық ТЖД басқарма басшысы:

- Таулы аймақ болғандықтан оған жету қиын. Сондықтан осы уақытқа дейін өрт жалғасып жатыр. Қазіргі таңда әзірге белгісіз. Өрт сөндірілуде. Өрт толық сөндірілгенннен кейін аумағы бәрі анықталады.

Хабар 24 телеарнасы