360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өскемен тұрғыны итті құтқару үшін мұзды суға секіріп кетті

  • 90
  • UPD: 12:06, 12.10.2018
Өскемен тұрғыны итті құтқару үшін мұзды суға секіріп кетті ©yk-news.kz

Өскемен тұрғыны батып бара жатқан итті құтқару үшін Бұқтырма су қоймасындағы мұзды суға секірді.

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.

Оқиға 7 қазанда болған. Кирилл Павловский достарымен бірге демалуға шығып Көк шығанақтан Аюдаға дейін қайықпен жол тартқан. Кенеттен ер адамдар су қойма ортасында біреудің батып бара жатқанын көріп, жақындап қараса ит екенін аңғарған.

«Өзімізбен бірге екі итті алып шықтық. Бірден біздікі емес па деп артыма қарасам екеуі де түгел. Су ортасында иттің бір сағатан аса уақыт бойы шыға алмай жатқаны көрініп-ақ тұрды. Қасына жақындап келсек, қайық суды одан бетер итке қарай шашырата бастады. Біз оны басқаша құтқару керек екенін ұғып, мен мұздай суға секіріп кеттім», - дейді Кирилл.

«Су астында иттің қаншалықты үлкен екені көрінбеді. Жақындап жүзіп келсем, құтқарғаным үшін алғыс айтып тұрғаны көзінен көрініп тұрды. Мені аяқтарымен құшақтап алып, бірге қайыққа дейін жүзіп бардық. Бір сағаттай дірілдеп, өзіне әрең келді. Мен оны «Бұқтырма Мумуы» деп атадым», - деді Кирилл.

Су қоймасының ортасына иттің қалай тап болғаны белгісіз. Алайда Кириллдің айтуынша, ит өз бетімен мұнша алыс шақырымға дейін жүзе алмайды. Қазір жануар «Преданное сердце» ұйымын паналап жатыр. Бір сағаттан астам мұзды суда болған иттің жағдайын ұйым директоры Алина Сайфулина қанағаттанарлық екенін айтты.

«Бұқтырма Мумуына» Лаки-жолы болғыш лақап атын қойған. Енді құтқарушылар жануардың иесі немесе оны өзіне алғысы келетін жандар табылады деген үмітте.

Хабар 24 телеарнасы