366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыға жақын маңда қабаған ит аулада ойнап жүрген балаға шабуыл жасады

  • 224
  • UPD: 16:46, 12.10.2018

Алматыда балалар алаңында үш жасар балаға қабаған ит шабуыл жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оқиға 11 қазанда «Асыл Арман» тұрғын үй кешенінде болды. Иттің балаға шабуыл жасаған сәті үйлердің бірінде орнатылған бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Видеода бала әткеншекте ойнап отырған, ал әйел болса, оның жанында тұр. Бір сәтте аулада ит пайда болып, балаға шабуылдайды.

«Кеше әйелім балаларыммен аулада серуендеп жүрген. Үш жасар балам әткеншекте отырған, ал сегіз айлық балам бесік арбада ұйықтап жатқан. Үлкен овчарка кенеттен балама бас салып, сүйреп алып кетпекші болған. Әйелім онымен арпалысқан. Төбет баланың күртесін жұлмалап тастаған, бірақ денесін зақымдамаған. «Ауруханада болдық, ұлым шок алған - жылап, кекештеніп, сыртқа шыққысы келмейді. «Әке, төбет, төбет» дейді. Басқа ештеңе айта алмайды, қатты қорқып қалған. Ондай ит ересек адамға шабуыл жасаған күннің өзінде ол қауіпті. Дәрігерлер баланы психологқа апаруға кеңес берді», - дейді баланың әкесі Ақжол.

Хабар 24 телеарнасы