384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Майқұдықта екі адамның мәйіті табылды

  • 521
  • UPD: 12:12, 30.10.2018
Майқұдықта екі адамның мәйіті табылды Vlast.kz

Қарағанды қаласындағы 18-ші мөлтекауданда белгісіз біреулер шұжық цехының күзетшісін өлтіріп кеткен.

Ол – 52 жастағы ер адам. Жантүршігерлік оқиға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-тармағы бойынша тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ полицейлер осы шұжық цехының қожайыны 48 жастағы кәсіпкердің денесін де жекеменшік Toyotа Rav-4 көлігінен тапқан. Ол өзіне-өзі қол салып, басына оқ атқан. Бизнесменнің қазасына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 1-тармағы бойынша іс қозғалды, «өлімге итермелеген» деген күдік бар.

Авторы: Ардақ Асылханұлы

Хабар 24 телеарнасы